Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО-да әлем чемпионына құрмет көрсетілді

СҚО-да әлем чемпионына құрмет көрсетілді

Жерлесіміз, еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан елге оралды. Ризабек – Қазақстандағы талай балуандардың арманын орындаған спортшы. Ризабек Айтмұқан – еліміздің тарихында еркін күрестен әлем чемпионы атанған тұңғыш балуан, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Сенбі күні батырымызды үлкен жеңісімен құттықтауға өңірдің спорт қауымы жиналды. Жеңімпазға облыс әкімі алғыс хат пен ақшалай сыйақы табыс етті.

Бала кезінен спортқа баулыған әкесі әрі бапкері Қанат Айтмұқанұлының еңбегі зор, өңір басшысы анасы Гүлияр Сембиқызына да алғыс білдірді.

“Ризабектің жеңісі – жас спортшыларға үміт сыйлады, өйткені ауылдың баласы әлемді бағындырды. Келесі жылы Парижде өтетін Олимпиадада Ризабек жеңіс тұғырына көтерілсін деп тілейміз. Жерлестер әрқашан қолдап жүреді”, – деді СҚО басшысы.

 

 

Shares