Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО-да алғаш рет шорт-тректен қр чемпионаты өтуде

СҚО-да алғаш рет шорт-тректен қр чемпионаты өтуде

Петропавлда Спорт сарайында шорт-тректен республика чемпионаты басталды. Мұндай деңгейдегі жарыс облысымызда алғаш рет өткізіліп отыр. Еліміздің сегіз облысынан келген 120 жас мұз айдынында қысқа қашықтықта бақ сынайды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Шорт-трек – елімізде қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі. Бұған спортшылардың халықаралық жарыстардағы тамаша нәтижелері дәлел. Солтүстік Қазақстанда шорт-трек 2018 жылдан ғана дами бастады.

«Бұл спортқа ден қойғанымызға небәрі алты жыл болды. Осы уақыт ішінде 10 спорт шеберін тәрбиеледік. Өсіп, дамып жатырмыз. Облысымыз бұл бағытта өте жылдам дамуда деп ойлаймын. Біздің спортшылар өз деңгейінде, әсіресе балалар спортында, өте жақсы өнер көрсетеді. Осы біріншілікте бұл сөздер расталып, біздің жастар жеңіс тұғырынан көрінетініне сенемін»,- деді жарыстың бас төрешісі Федор Андреев.

Мұзға еліміздің сегіз облысынан келген 120 жас шығады. Жарыс төрт күнге созылады.

«Менің есімім – Санжар. Шорт-трекпен 9 жасымнан айналысамын. Қазір 11 жастамын. Жаттықтырушыларым мен ата-анам маған үлкен қолдау көрсетеді».

«Мен 7 жасымнан бастап жаттығамын. Менің атым – Дмитрий. Маған бұл спорт түрі қатты ұнайды. Жеңіске жетуді ұнатамын, сондықтан мұнда да үздік боламын деген үміттенемін»,- дейді жарысқа қатысушылар.

 

Shares