Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО-лық электрмонтер тай боксынан ҚР чемпионатында күміс медаль иеленді

СҚО-лық электрмонтер тай боксынан ҚР чемпионатында күміс медаль иеленді

“Солтүстік Қазақстандық ЭЖТК” АҚ Соколов РПБ-ны электрмонтері Артем Сергеев тай боксынан Қазақстан Республикасы чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды QZ News “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жарысқа еліміздің әр өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты. Артем Сергеев 81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, тамаша нәтиже көрсетіп, өзінің кәсіби деңгейі мен спорттық шеберлігін дәлелдеді.

“Артем 2022 жылдан бері компанияда жұмыс істейді, КТП мен қосалқы станциялар жабдықтарын күтіп-ұстаумен айналысады. Ол өзінің қызметінде жоғары жауапкершілік пен кәсібилікті көрсетіп келеді. Сонымен қатар, ол шамамен 6 жылдан бері тай боксын тұрақты түрде серік етіп келеді. Оның табандылығы, тәртібі мен еңбекқорлығы спортта лайықты жеңіс әкелді”, – делінген “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Shares