Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО-ның 38 каратэшісі ҚР құрамасы сапында балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына және Азия чемпионатына қатысады

СҚО-ның 38 каратэшісі ҚР құрамасы сапында балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына және Азия чемпионатына қатысады

Тамыз айында Астанада әлемдік кекушинкай каратэ тарихындағы басты оқиғалардың бірі – кекушинкай каратэден IV балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты және Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі. Оған 20-ға жуық жақын және алыс шет елдің өкілдері қатысады.

Бағдарламаға сәйкес, 1 тамызда кекушинкай каратэден IV балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Ал 2 тамызға кекушинкай каратэден Азия чемпионаты жоспарланған.

Жарысқа әлемнің 20-ға жуық елі – Жапония, Румыния, Индонезия, Иран, Кувейт, Ливия, Сирия, Өзбекстан, Түрікменстан, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей, Грузия, Латвия, Иордания, Палестина, Ауғанстан, Қазақстан қатысады. Спортшылардың жас санаты 12 жастан басталып, ардагерлер санатымен аяқталады. Өнер көрсету “кумитэ” (жекпе-жек), “ката”, “тамашевари” бойынша жоспарланған.

Солтүстік Қазақстан облысынан түрлі салмақ және жас санаты бойынша 38 спортшы қатысады. Бақ сынайтын жерлестеріміздің тізімі:

Уәлиев Әмір, Заика Илья, Бендеря Владислав, Балтабаев Данияр, Усатенко Никита, Митрофанов Богдан, Нұрғалиев Әлішер, Безуглый Михаил, Семке Эдуард, Райцинов Рустам, Разумов Родион, Николаев Станислав, Дорогаев Николай, Костюк Игорь, Николаев Валерий, Товкало Кирилл, Дулов Данил, Истомин Сергей, Бейсекеев Марат, Дулов Евгений, Дынник Данил, Гематдинова Сафира, Ахметова Карина, Кузнецова Алина, Рудикова Мария, Заика Александра, Клевцова Виктория, Әлтекова Жібек, Серяцкая Екатерина, Орлатаева Мария, Дорогаева Анфиса, Шалаева Милана, Бауенова Айнагүл, Торопчина-Воробьева Марина, Малихтарович Светлана, Бутенко Людмила, Өтеғұлова Аяжан.

“Қаржыландыру Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне қарасты спортты дамыту дирекциясы есебінен жүзеге асырылады. Айта кету керек, кекушинкай каратэден балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты пандемияға байланысты 2018 жылдан бері өткізілмеген және алдағы чемпионатқа жаңа шеберлер, әлемдік кекушинкайдың жаңа жұлдыздары қатысады. Осыған байланысты қазақстандық команда жыл бойы оқу-жаттығудан өтті”, – деді “Бүкілқазақстандық кекушинкай карате ұйымы” РҚБ СҚОФ директоры Владимир Витченко.

Чемпиондар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және кубоктармен марапатталады.

Shares