Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Теріскейлік кекушинкай каратэ шеберлері Азия Чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды

Теріскейлік кекушинкай каратэ шеберлері Азия Чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды

Солтүстік Қазақстан облысының каратэшілері кекушинкай каратэден өткен Азия Чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Медальдар “Ката” бағыты бойынша қоржынға түсті. Жүлдегерлер: Сергей Истомин – 1 орын, Кирилл Тавкало – 2 орын, ал Марат Бейсекеев 3 орын алды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше біздің спортшылар Кекушинкай каратэден ҚР құрамасы сапында “Кумите” бағыты бойынша 12 медаль жеңіп алды.

Азия чемпионатына Қазақстан, Жапония, Ресей, Румыния, Индонезия, Иран, Кувейт, Ливан, Сирия, Өзбекстан, Түрікменстан, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Латвия, Иордания, Палестина, Ауғанстан, Ирак, Египет, Үндістан сияқты 22 елдің спортшылары қатысты.

Айта кетейік, бүгін Солтүстік Қазақстан облысының каратэшілері Астанада өтіп жатқан кекушиннен IV балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысуда.

Shares