Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Үш аудандық спорт мектебінде көлік жаңартылды

Үш аудандық спорт мектебінде көлік жаңартылды

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев Уәлиханов, Тайынша, Есіл аудандарындағы спорт мектептерінің ұжымдарына 7 жаңа “Газельдің” кілтін табыстады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Мұндай көлік аудан халқына спортшыларды жарыстарға апару-әкелу және оқу-жаттығу жиындарына бару үшін аса қажет.

“Уәлиханов ауданынан Ризабек Айтмұхан сияқты атақты спортшылар шығады. Ол менің тәрбиеленушім болды. Шәкіртім әлем чемпионы атанған кезде бізге облыс әкімі келді. Сол кезде әкім жаңа көлікпен қамту бойынша уәде берген еді, сөзінде тұрды”, – деді Уәлиханов ауданы спорт мектебінің басшысы Бектай Хасенов.

Shares