Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Жеңіл атлетика ардагерлері Қазақстан чемпионатында 7 алтын медаль еншіледі

Жеңіл атлетика ардагерлері Қазақстан чемпионатында 7 алтын медаль еншіледі

7 алтын, 3 күміс және 1 қола. Теріскейлік жеңіл атлетика ардагерлері Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, Master’s санатында 11 медаль жеңіп алды. Жарыс Алматыда 5-7 шілде аралығында олимпиадалық дайындық орталығында өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

45-49 жас санатында Солтүстік Қазақстан облысы құрамасының белді мүшесі Пенкин Виталий 4 алтын медаль жеңіп алды – диск лақтыру, найза лақтыру, 100 м және 200 м жүгіру.

Марат Берденбековке де 1500 метрге жүгіруде алтын бұйырды, ал 800 метрге жүгіруде күмісті және 55-59 жас санатындағылар арасында ядро итеруде қоланы қанағат тұтты.

Ольга Вернер екі алтын медаль жеңіп алды – ядро итеру, найза лақтыру. Сонымен қатар, 1500 м, 5000 м. жүгіруде екі күміс медаль бұйырды. Мұндағы жас санаты – 35-39 жас.

“Стартқа сәуір айынан бастап күн сайын дайындалдым. Лақтыруды пысықтадым, жылдамдыққа жүгіру жұмыстарын жүргіздім, стадион халықаралық стандарттар бойынша сертификатталды, жаңа, биыл пайдалануға берілді. Маусым айында мұнда жеңіл атлетикадан халықаралық Ғ. Қосанов мемориалы өтті, оған 20-дан астам ел өкілі қатысты. Сол жарыста біз сияқты ардагерлерге жаңа стадионда жүгіру мүмкіндігі берілді. СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына және Сергей Мелеховқа облыстағы ардагерлер спортын қолдағаны үшін зор алғысымызды білдіреміз”,- деп бөлісті Ольга Вернер.

Shares