Жеңіс рухы: Петропавлда «ҚЫЗЫЛЖАР БАРЫСЫ» турнирі өтті
Петропавл қаласында Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған қазақ күресінен «ҚЫЗЫЛЖАР БАРЫСЫ» облыстық турнирі өтті. 5–6 мамыр күндері өткен бұл жарыста өңірдің үздік палуандары боз кілемде белдесіп, шеберліктерін ортаға салды, деп хабарлайды QZ News.
Ерекше мақтаныш тудырғаны – Ұлттық ұлан академиясы курсанттарының өнері. Олар тек физикалық дайындықтарын ғана емес, болашақ Отан қорғаушыларына тән рухтың беріктігін де көрсете білді. Жарысқа белсенді қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен жас сарбаздар – шынайы патриотизм мен жеңіске деген жігердің үлгісі.
Қиындығы мол белдесулердің нәтижесінде жеке салмақ дәрежелері бойынша жүлдегерлер анықталды:
64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:
II орын – 2 курс курсанты Амангелді Мирас
III орын – 1 курс курсанты Түсіп Бекзат
82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:
II орын – 4 курс курсанты, кіші сержант Байсеріков Қадыржан
III орын – 2 курс курсанты Мақаш Мәдиар
Ұйымдастырушылар мен жанкүйерлер жас палуандарды шын жүректен құттықтап, олардың жеңісі – тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар қазақ күресі дәстүрін жалғастыру мен Отан соғысы батырларына деген құрметтің белгісі екенін атап өтті.