18 мамыр – Халықаралық мұражай күні
18 мамырда бүкіл әлемде Халықаралық мұражай күні атап өтіледі. Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайы, Бейнелеу өнері мұражайы, “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені, СҚО полиция департаментінің мұражайы және Қозыбаев университетінің мұражайы бар, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Мерекеге орай “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені қонақтарға есігін айқара ашты. Мұнда медициналық колледж студенттері келді.
“Бұл ғимарат туралы халық арасында көптеген аңыз айтылады. Бұл – жай ғана үй емес, Абылайдың ақ үйі. Адамдар бұл оқиғаны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Бірақ, іс жүзінде бұл үйде Абылай хан болған жоқ. Бұл үй одан кейін салынды”,-деді “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкері Бауыржан Жүнісов.
“Бізге қызықты ақпарат берілді. Көптеген қызықты суреттер, жәдігерлер көрсетілді. Менің топтастарыма да өте ұнады, олар бәрін бір-бірімен талқылауда”,- деді Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің студенті Алина Аипова.