Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 2024 жылы Петропавлда 30-ға жуық көше жөнделеді

2024 жылы Петропавлда 30-ға жуық көше жөнделеді

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында үш ірі жоба аяқталады. Ол – Жұмабаев, Горький және Громова көшелерін жаңғырту жұмыстары, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Биыл облыс орталығында жалпы ұзындығы 45,5 шақырым болатын 35 көше ретке келтірілуде. Бүгінгі таңда ұзындығы 35 шақырымды құрайтын 32 көшені жөндеу жұмыстары толық немесе жартылай аяқталды. 20 учаскеде орташа жөндеудің екінші кезеңі басталып, оның үшеуі аяқталды. Сондай-ақ, биыл облыс орталығының тағы 30-ға жуық көшесін орташа жөндеу туралы жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленеді, ауқымды іс 2024 жылы басталды.

«Биыл екі жылу магистралінің құрылысы бойынша екі жобаны іске асыру басталды, бұл қолданыстағы тұтынушыларды жылумен жабдықтау сенімділігін және облыстың солтүстік бөлігіндегі көпқабатты үйлер мен жеке секторды орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етеді. Әңгіме «Орман» мен «Борки» шағын аудандары және Әскери Академияның жаңа ғимараты мен жаңа кәсіпкерлік нысандар мен өндірістік аймақтар жайлы. Жылу магистралінің жалпы ұзындығы шамамен 6 шақырымды құрайды. Жобаларды жүзеге асыруға биыл шамамен 2,8 млрд теңге бөлдік. 2024 жылы барлық жұмыстарды аяқтаймыз», – деді қала әкімі қалалық мәслихат отырысында

 

Shares