Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 2025 жылы Былғары зауыты ауданындағы бөгет нығайтылады

2025 жылы Былғары зауыты ауданындағы бөгет нығайтылады

Тікелей эфир барысында Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев Былғары зауыты ауданындағы бөгеттің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

2017 жылы оны қайта қалыпқа келтіруге 2,6 млрд теңге жұмсалды. Сол кезде қомақты қаражат Үкіметтің резервінен бөлінді.

“Бөгет сақталып қалды, ол 2017 жылы салынған еді. Құрылымның негізгі бөлігі жарамды күйде, ашылу, бұзылу болған жоқ, бірақ біз 2024 жылы су деңгейі ауыз толтырып айтарлықтай көтерілгенін түсінеміз, осыған байланысты бөгеттің техникалық параметрлерін қайта қарауымыз керек. Біз жобаны түзетуге кірістік, құрылымның биіктігін арттырамыз, бөгеттің негізін кеңейтеміз. Маңызды істі биылғы су тасқынын ескере отыра тындырамыз. Бөгетті қалпына келтіру келесі жылға жоспарланған. Бұл маңызды жоба және маңызды жұмыс”, – деп атап өтті Серік Мұхамедиев.

Shares