Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 33 жастағы петропавлдық Марина Лопатина емге ақша жинап жатыр

33 жастағы петропавлдық Марина Лопатина емге ақша жинап жатыр

31 қазан күні Петропавл қаласының дәрігерлері 33 жастағы қала тұрғыны Марина Лопатинаға жатыр мойны ішкі бөлігінің қатерлі ісігі диагнозын қойды. Ал 1 қараша күні ол жұбайымен бірге емделуге қажетті қаражатты жинау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Марина Лопатинаның есімі көптеген қалалыққа жақсы таныс. Ол фитнес-жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Қыздың денсаулығы қазан айының басында сыр бере бастаған. Дәрігерлермен кездесулері, мамандар қойған диагнозы туралы ол Instagram желісіндегі өзінің парақшасындағы жазбалар арқылы тұрақты түрде хабарлап отырды. Сол жерде емге 25,5 млн теңге қажеттілігі туралы дерек те жарияланды. Қазіргі уақытта 7 500 000 жиналды, енді 18 000 000 жинау қалды. Солтүстікқазақстандықты Түркия елінің мамандар емдейді.

“Таңдау Түркиядағы клиникаға түсті, себебі онда мықты дәрігерлер жұмыс істейді. Менің ортамда сапалы медициналық көмек көрсетілген адамдар бар, олардың ұсыныстары шешуші рөл атқарды. Маринаны кез келген күні қабылдауға дайын, тезірек келуді сұрайды. Біз осы демалыс күндері ұшуды жоспарлап отырмыз, қаражат жинау жалғасады деп үміттенеміз, бірінші күні аударымдар көп болды. Көмектескендеріңіз үшін алғыс білдіремін”, – деді Марияның жолдасы Александр Лопатин.

Александр мен Марина Лопатина 10 жыл бұрын отауласқан. Қажетті соманың жартысын жинау үшін ол машинасын сатуға қойған.

“Жеке меншікте пәтеріміз бар, бірақ бір жерде тұру керек, сондықтан оны сатқымыз келмейді, бірақ жағдай талап етсе, мәселені қайта қараймыз. Әпкем көмек алуға болатын екі қор бойынша ақпарат тапты. Жиынның бірінші күнінде жергілікті блогерлерге барып, көмек қажеттігін айттым”, – деді Александр.

Бұл материалдың астында сіз Марина Лопатинаға көмек көрсетуге арналған деректемелерді көре аласыз. Жиынның 5 күнінде ол емделуге 7,5 млн теңгеден астам қаржы жинады.

Каспи: 4400 4302 5536 2151 ЛОПАТИН Александр (күйеуі)
Халық: 44056397 3911 2348 ЛОПАТИН Александр (күйеуі)
РФ Сбербанкі: 5469 4500 1481 1582 Алина Валерьевна Л.

Shares