6 қазан күні өңірдегі учаскелерде қауіпсіздікті 300-ге жуық полицей қамтамасыз етеді
СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов республикалық референдумды дайындау және өткізу кезеңінде күшейтілген кезекшілікке түсуге тиіс полиция күштерін жинады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Петропавлда 97 сайлау учаскесіндегі қоғамдық қауіпсіздікті қалалық полиция басқармасы мен облыс ПД-нің 300-ге жуық қызметкері ауысыммен қамтамасыз ететін болады”,- делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Залдағы мамандарға нұсқаулықтар оқылды, учаскелердегі жедел жағдай баяндалды. 2-9 қазан аралығында СҚО құқықтық тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқаруда.