Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Әлі көп нәрсе істеу керек”: Серік Мұхамедиев Петропавлдың зардап шеккен шағын аудандарын қалпына келтіру жайлы айтты

“Әлі көп нәрсе істеу керек”: Серік Мұхамедиев Петропавлдың зардап шеккен шағын аудандарын қалпына келтіру жайлы айтты

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев Былғары зауыты шағын ауданында болды. Мұнда қала басшысы ауданның тасқыннан кейінгі жағдайын тексерді. Бұл туралы облыс орталығының басшысы өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жазды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Бүгін Былғары зауытында болдым. Бұған дейін біз тұрғындармен кездесіп, проблемалық мәселелерді талқыладық. Су біртіндеп кетіп жатыр, ал тұрғындар үйлеріне оралуда. Қазіргі уақытта ауыз су жеткізу, автобус тасымалы ұйымдастырылған, фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Гуманитарлық көмекті тасымалдау мәселелерін пысықтаймыз. Әлі көп нәрсе істеу керек. Мехбригадалар ауданды қоқыстардан тазартады”, – делінген қала басшысының хабарламасында.

Біржолғы төлемді тағайындау жалғасуда, ал залалды өтеу мөлшерін есептеу процесі қазірдің өзінде басталды. Қалада 2000-нан астам үй мен 34 саяжай қауымдастығы су астында қалды.

“Мұндай үлкен көлемдегі өтініштер мен құжаттарды өңдеуге аз уақыт кетпейді. Бірақ қазірдің өзінде 1665 қала тұрғыны біржолғы көмек алды. Жұмыс жалғасуда. Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығы заңнамаға сәйкес төлем алады”, – делінген қала басшысының хабарламасында.

Shares