“АЭС экономикалық өсуге оң әсерін тигізетін болады”: Владимир Витченко атом энергиясының артықшылықтары туралы пікір білдірді
Өңірлік халықтық штабтың төрағасы Владимир Витченко әлеуметтік желілердегі өзінің парақшалары арқылы солтүстікқазақстандықтарды атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өтетін референдумға шақырды. Жалпыхалықтық дауыс беру қазан айының бірінші онкүндігінде өтеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Қазір қазақстандықтардың алдында біздің болашағымызды өзгерте алатын мәселе тұр. АЭС – энергетикалық құрамдас бөлік. 6 қазан күні осы маңызды мәселе бойынша референдум өтеді. Бірқатар себептерге байланысты құрылысты қолдау қажет деп санаймын. Мен бұл тақырыпты бірнеше рет зерттедім, оқыдым, ол көптеген партиялық кездесулерде де көтерілді. Мен оның әлемнің басқа елдерінде – Ресейде, АҚШ-та, Францияда, Қытайда, Жапонияда қаншалықты дамығанын талдадым және нәтижеге көз жеткіздім. Егер бұл қауіпті немесе тиімсіз болса, бірде-бір ел атом электр станциясын пайдаланбаған болар еді”, – деп жазды Владимир Витченко өзінің Facebook парақшасында.
Сондай-ақ, Өңірлік халықтық штабтың төрағасы бірқатар артықшылықтарды алға тартты. Бұл Қазақстанға АЭС салуға және пайдалануға жол ашады.
“Бізде байытылған уран ең үлкен көлемде өндіріледі. Біз бұл уранды өз мақсатымызға пайдаланудың орнына басқа елдерге де сатамыз. Ал бізде өз елімізді электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, атом электр станциясы экономикалық өсуге оң әсерін тигізетін болады, ең бастысы – энергетикалық қауіпсіздік пайда болады”, – деп атап өтті Владимир Витченко.