АИТВ және ЖИТС: өзіңізді қалай қорғауға болады?
Қалалық мәдениет үйінде АИТВ және ЖИТС-пен күреске арналған акция өтті. Петропавлдықтар оны Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні қарсаңында ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
ҚР-да күніне шамамен 5 адам АИТВ-инфекциясын жұқтырады. АИТВ мен ЖИТС бар екенін еске салу үшін Петропавлда облыстың түкпір-түкпірінен жиналған колледж студенттері үшін акция өткізілді. Ішке кіру кезінде ауру туралы ақпараты бар жадынамалар таратылды, тілек білдірушілер АИТВ-инфекциясына қан анализін тапсырып, өз нәтижелерін біле алды.
“Бүгін Петропавл жастары шақырылды. Олар: колледж студенттері, еріктілер, қаламыздың жастары. Бүгін біз оларға АИТВ және ЖИТС деген не екенін айтамыз. Сондай-ақ олар бір-бірімен бәсекелеседі. Біз оларға сұрақтар қоямыз, олар сауалдарға жауап береді. Біздің акцияға әншілер, бишілер, ресурстық орталықтың жастары да қосылды”, – деп атап өтті Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Абдин.
Акцияға 300-ге жуық адам қатысты. Зияткерлік сайыс жеңімпаздары сертификаттармен және тәтті-дәмдімен марапатталды.