Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Айыртау ауданының тұрғындары жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болуда

Айыртау ауданының тұрғындары жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болуда

«AMANAT» партиясы Айыртау аумақтық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдау өтті. Ауыл тұрғындарының мәселелерін Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Берік Жанахметов тыңдады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Азаматтар жұмыс іздеу кезінде кездесетін қиындықтарды талқылады, ТҮКШ саласындағы жағдайды жақсарту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті. Берік Темешұлы әркімді мұқият тыңдап, барлық мәселелерді бақылауға алуға уәде берді.

«Мұндай кездесулер депутаттар мен халық арасында азаматтардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді, кері байланыс орнатудың маңызды қадамы болып табылады», – деп хабарлады «AMANAT» партиясы филиалының баспасөз қызметі.

Shares