Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Александр Казанцев: «Жұртшылықпен кездесулер АЭС жобасы туралы түсінікті арттыру үшін маңызды шара болып табылады»

Александр Казанцев: «Жұртшылықпен кездесулер АЭС жобасы туралы түсінікті арттыру үшін маңызды шара болып табылады»

АЭС құрылысы жөніндегі халықтық штаб мүшелері «Петропавл металл конструкциялары зауыты» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Тараптар әлеуетті жобаның негізгі аспектілерін және оның елдің энергетикалық инфрақұрылымын дамытудағы маңызын талқылады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Өңірлік халықтық штабтың өкілдері Александр Казанцев, Ерғали Жұмағұлов және Арман Белялов АЭС құрылысының перспективалары туралы айтып, Қазақстанның экологиялық таза энергия көздеріне деген сұранысының артуы тұрғысынан энергетиканы әртараптандыру қажеттігін атап өтті. Атом энергетикасының қауіпсіздігі және болашақ объектіде пайдаланылатын технологиялық шешімдер мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Зауыт қызметкерлері жобаға қызығушылық танытып, инфрақұрылымды дамыту, экологияға әсері, Солтүстік Қазақстан облысы үшін пайдасы, сондай-ақ референдумда дауыс беру тәсілдері туралы сұрақтар қойды. 

“Мұндай кездесулер АЭС жобасы туралы түсінікті арттыру үшін маңызды шара болып табылады. Энергетикалық тәуелсіздік пен Қазақстанның тұрақты дамуы жолындағы маңызды қадам болатын жоба туралы белсенді түрде айта отырып, халықпен сындарлы диалогты жалғастыру қажет”, – деп атап өтті штаб мүшесі Александр Казанцев.

Shares