Александр Зель: «Жаңа кәсіпорындар, жаңа өңдеу цехтарын ашу үшін бізге атом энергиясы қажет»
Қозыбаев университетінде диалог алаңы ұйымдастырылды, онда Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауында айтылған бастамалар талқыланды. Талқылауға студенттер, оқытушылар, депутаттар, «Amanat» партиясының өкілдері қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Диалог алаңына қатысушылар Қазақстанда жылдан-жылға өсіп келе жатқан электр энергиясы тапшылығын да сөз етті. Шешім сенімді және экологиялық тұрғыда таза энергия көзі – АЭС болуы мүмкін. Бұған «Amanat» партиясы «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Александр Зель кәміл сенімді.
«Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері қолданылады. Өкінішке қарай, олар тұрақты емес және елдегі тиісті сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сондықтан, елімізді одан әрі дамыту үшін, жаңа кәсіпорындар мен жаңа өңдеу кәсіпорындары ашылуы үшін бізге атом энергиясы ауадай қажет. Осыны түсінуіміз керек», – дейді «Amanat» партиясы «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Александр Зель