Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Алматыдан Петропавлға 20 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Алматыдан Петропавлға 20 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Алматы қалалық мәслихатының депутаттары мен кәсіпкерлер Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына көмек қолын созды. Бұл жолы оңтүстік астанада топан судан зардап шеккен жерлестерімізге 20 тонна гуманитарлық жүк жиналды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Біз Алматыдан гуманитарлық көмек әкелдік. Мұнда судан бастап тұрмыстық химияға дейінгі барлық қажетті заттар бар. Біздің күшіміз – бірлікте. Егер біз бірге болсақ, бәрін жеңеміз”, – деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты.

Күн сайын гуманитарлық көмек қабылданатын басты пункте 70-ке жуық белсенді болып, жүкті түсіреді. Оларға жергілікті әскери бөлімнің әскери қызметшілері көмектеседі.

“Барлығы осы табиғи апатты еңсеріп, аман қалуымыз үшін көмек қолын созып жатыр. Бүгінгі таңда “Радугаға” 400 тоннадан астам гуманитарлық жүк келді, біз мұнда жүкті тарату пункттері бойынша бөлеміз, ал еріктілер зардап шеккен азаматтардың қолына беруді жүзеге асыруда”, – деді “АMANAT” партиясы СҚОФ атқарушы хатшысының орынбасары Болат Данияров.

Shares