Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Анатолий Казановский – «Севказэнерго» АҚ бас директоры

Анатолий Казановский – «Севказэнерго» АҚ бас директоры

«Севказэнерго» АҚ-ға жаңа бас директор тағайындалды. Жаңа басшы – Анатолий Казановский, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Анатолий Казановский осы дүйсенбі, яғни 7 тамызда тағайындалды. Ол 1982 жылы 19 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында дүниеге келген. 2001 жылы Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжін «Салық және салық салу» мамандығы бойынша, ал 2007 жылы Щучинск қаласындағы техникалық колледжді «Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау, реттеу және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылы Алматы қаласындағы Қазақ темір жол университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша сырттай бітірген.

«Энергетика саласындағы жалпы еңбек өтілі 20 жылдан асады. Ол электр энергиясын бөлу және бақылау бөлімінің басшысы, «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ вице-президенті, Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы өндірістік-техникалық департаменті директорының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған», деп жазды «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметі.

А. Казановский 2015 жылдың 16 қазанынан 2023 жылдың 6 тамызына дейін «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ басқарды.

Жаңа басшыға үлкен міндеттер жүктелді. Ол алдағы жылыту маусымына дейін бірқатар жұмыстың басын қайыруы тиіс. Сондай-ақ, елдің назарын аудартқан мұржаның құрылысын бақылауда ұстау қажет

 

 

Shares