Ақмола облысының мамандары Петропавлда аянбай тер төгуде
Ойқала шағын ауданындағы алты көшені ақмолалық компания бұрынғы қалпына келтіруге көмектеседі. Білікті мамандар осыдан екі апта бұрын облыс орталығына көмекке келді, деп хабарлайды QZ media тілшісі.
“Қазіргі уақытта 45 үйді тексердік, ақаулар бойынша сметалық актілер жасалды. 25 үйде бұзу жұмыстары жүргізілді. Біз тек қабырғаларды қалдырамыз, осылайша ішті кептіреміз. Жөндеуге кірісуге болатын кезде тұрғындармен келісеміз. Осы аптада бұзу жұмыстарын аяқтаймыз, ал дүйсенбіден жөндеу жұмыстарын жүргізе бастаймыз”, – деді “СК МОНОЛИТ-2018 ” ЖШС Ақмола облыстық өкілі Нұрлан Қазбеков.
Естеріңізге сала кетейік, Ойқалада облыстың 4 ауданынан келген және петропавлдық мехбригадалар жұмыс істеуде. Жұмыс көлемі үлкен, өйткені шағын ауданда су 1400 үйге кірді.