Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ашық есік күні аясында қала басшысына 50-ге жуық адам базынамен жүгінді

Ашық есік күні аясында қала басшысына 50-ге жуық адам базынамен жүгінді

С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхана ғимаратында Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен “Ашық есік күні” ұйымдастырылды. Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Шаһар басшысына 50-ге жуық адам базынамен жүгінді. Олардың кейбірінің мәселелері қайталанды. Қала тұрғындарын жер қатынастары, аулаларды абаттандыру, тұрғын үйге кезектілік жайы әлі де алаңдатып отыр.

Облыс орталығының тұрғындары 26 тамыз күні Серік Мұхамедиевпен тағы жолыға алады. Бұл күні 10:00-де қалалық мәдениет үйінде облыс орталығы әкімінің халықпен есеп беру кездесуі өтеді.

Shares