Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ата-аналар күнінде Петропавлда автобустар қалай жүреді

Ата-аналар күнінде Петропавлда автобустар қалай жүреді

14 мамыр – Ата-аналар күні. Осыған орай қоғамдық көлік қозғалысында өзгеріс орын алады. Бұл жайлы қалалық әкімдікте айтылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Радоница немесе Ата-аналар күні биылғы жылы 14 мамырға түсіп отыр. Бұл күні православ сеніміндегі христиандар қайтыс болғандардың қабіріне барады. Дәстүр бойынша адамдар туыстары мен жақындары жерленген жерді ретке келтіреді, гүл шоқтарын жаңартады.

Ата-аналар күніне байланысты №25, №7 және №16 қалалық автобустардың бағыттары өзгертілді. Бұл автобустар зиратқа дейін жүреді. Ал басқа маршруттардың барлығы бұрынғы схема бойынша қатынауды жалғастырады.

Shares