Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Балалар үміті» қоры Артём Бормотовты оңалтуға қаржы жинап жатыр

«Балалар үміті» қоры Артём Бормотовты оңалтуға қаржы жинап жатыр

Дүниежүзілік мейірімділік күні жыл сайын 13 қарашада аталып өтіледі. Мереке үшін таңдалған күн 1998 жылы Токиода өткен Дүниежүзілік мейірімділік қозғалысының 1-ші конференциясының ашылу күні болды. Бұл күні QZ News тілшісі «Балалар үміті» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі Ольга Орловамен тілдесті.

Естеріңізге сала кетейік, қор 2023 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстанның ерекше азаматтарына қоғамдық қайырымдылық арқылы көмек көрсетіп келеді. Ұйым Солтүстік Қазақстан облысынан ғана емес, еліміздің басқа өңірлеріндегі емделуге немесе оңалтуға материалдық көмекке мұқтаж балаларға қолдау көрсетеді.

«Қыркүйек айының соңында біз 9 жасар Артём Бормотовтың еміне қаржы жинауды бастадық. Артем Петропавл қаласының тұрғыны. Балада церебральды сал ауруы және басқа да ілеспе диагноздар бар. Ем домына 500 мың жинауымыз керек. Жыл соңына дейін бұл сома жиналады деген үміттеміз. Қазірдің өзінде 200 мың жиналды. Артём облыс орталығында оңалту курсынан өтіп жатыр», – дейді «Балалар үміті» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі Ольга Орлова.

Қайырымдылық қорының басшысы күн суытқанда жинақтардың  азаятынын алға тартады. Бұған себеп- азаматтық белсенділіктің жоқтығында.

«Қыс мезгілінде бізге қайырымдылық істеріне қаржы жинауға көмектесуге жастар аз келеді. Күзгі демалыс уақытында сәл көберік болды. Дүкендерге қайырымдылыққа жәшіктер қою жоспарда бар, ал қала бойынша екі бокс орнатылған болатын. Келесі жылы жаңа жинақтар ашылады.», — деді Ольга Орлова.

2025 жылы «Балалар үміті» қайырымдылық қоры Петропавл мен Көкшетаудан  екі баланың еміне жинақ ашуды жоспарлап отыр.

Shares