«Барлық несие жабылды»: желіде киімсіз ер адамды қуған тараздық полиция қызметкерлері жүр
Таразда жалаңаш ер адам полицейлерден қашып құтылмақ болған. Оқиға видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде тарап кетті, – деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Кадрлардан толық жалаңаш ер адамның екі полицейден қашып бара жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары ер адамның әрекетін әзілмен сипаттады.
«Оған тиіспеңдер, ол барлық несиелерін жауып тастады», «Жанкүйерлер кедергі жасамас үшін полицейлер еріп жүр», «Жақында ата-аналар балаларын мектепке киіндіреді, кейін олар да жартылай жалаңаш жүреді», «Денені біркелкі күйдіретін кез келді, әйтпесе біркелкі емес», «Келесі жылы мұндай бағалармен көп адам осылай жүгіретін болады», – деп жазды желі қолданушылары.
Жамбыл облысының полицейлері бұл оқиғаның екі ай бұрын болғанын айтады. Азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырылыпты.