Береке шағын ауданындағы төрт үйдің жертөлесінде әлі су тұр
Петропавлдағы Байболов көшесі бойында орналасқан төрт үйдің жертөлесінде әлі күнге дейін еріген су тұр. Тұрғындар екі айдан астам уақыт бойы қиналуда. Жайсыз жайтқа себеп – сорғылардың істен шығуы, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Бұл мәселені тұрғындардың өздері көтерді. Қазір бұл үйлердің жертөлелерінде коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жатыр. Олар жаңа сорғылар келгенше дейін суды сорып алып отырады. Болжам бойынша бұл іс 7-ден 9 аптаға дейін жалғасады. Нысандардағы жағдайды апта сайын облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары Юлия Пронина мен Лаура Қайыржанова бақылап тұрады.
“Кәріз бітеліп қалған. Сорғылар істен шықты, наурыз айының соңынан “Тазартқыш, су таратқыш және су өткізгіш ғимараттар” МКК, “Қызылжар су” ЖШС күштерімен тұрақты негізде айдау жұмыстары жүргізілуде. Мақсат – жертөлелерді түпкілікті су астында қалдырмау. Бірақ мәселенің өзі бір сорғымен шешілмейді, жаңа сорғыларды орнату қажет”, – деді құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бейбіт Ризаханов.
Жұмыс Байболав көшесіндегі №51, №55, №57 және №59 үйлерде жүргізілуде. Депутаттар бұл үйлерге апта сайын мәселе толық шешілгенге дейін келетіндерін атап өтті.
⠀