Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Birge.community” шарасына 1000-нан астам петропавлдық қыз-келіншек қатысты

“Birge.community” шарасына 1000-нан астам петропавлдық қыз-келіншек қатысты

“Birge.community” әйелдерді дамыту қоғамдастығы өзінің алғашқы туған күнін атап өтті. Петропавлда орналасқан қауымдастық бір жыл бұрын ғана құрылған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Біздің мақсатымыз – қыздар мен әйелдерге үздік болуға көмектесу. Қоғамдастық құрылған бір жыл ішінде біз әртүрлі тақырыптарды қамти отыра, 100-ден астам шеберлік сабағын өткіздік, қаламыздың 1000-нан астам қыз-келіншегі қамтылды. Қауымдастық пробация алаңы болып табылады, біз сарапшыларымызға іс-шараға толық дайындалу үшін мүмкіндік береміз. Бірінші жылы қоғамдастықтың өсуіне баса назар аудардық, жаңа жылда әр әйел өзін көрсете алатындай сапаға баса назар аударамыз. Бүгінгі мерекелік іс-шара барысында бір уақытта 8 шеберлік сабағы өтеді”, – деді кәсіпкер, “Birge.community” даму жөніндегі әйелдер қауымдастығының негізін қалаушы Сабина Оспанова.

Іс-шара С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қабырғасында өтті. Онымен қоғамдастық өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жақын арада кітапхананың кейбір залдарында “Birge.community” ұжымының шаралары өтіп тұрады.

Shares