Біз КВН-ды бастаймыз: Петропавлда көңілді және тапқырлар арасында «Солтүстік кубогы» өтті
Халықаралық КВН күніне орай Қозыбаев университетінде «Солтүстік кубогы» өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
КВН облыс орталығындағы оқушылар мен студенттер арасында әрдайым танымалдылыққа ие. Мұнда ойыншылар сахналық мәдениет пен өнердің түрлі жанрларын меңгереді.
Солтүстікқазақстандық командалар бірнеше рет түрлі қалалардағы КВН фестивальдарында, сондай-ақ облыстық және республикалық әзіл-сықақ сайыстарында көшбасшы орындарға ие болды.
Дәстүр бойынша Қозыбаев университеті қабырғасында 7 команда сынға түсті. Олар: № 44 орта мектеп, жоғары педагогикалық колледждің «Үш апа» командасы, Бескөл ауылының «Керемет балалар» тобы, Аққайың ауданының «Сіздің сүйікті командаңыз» ұжымы, Ұлттық ұлан академиясы курсанттары, «Қызылжар» және «Жаймен» командалары. Жастар күлкілі негізде студенттердің күнделікті өмірін ғана емес, Петропавл қаласының өмірін де көрсетті.
“Ойын өте ұнады. Мен М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің «Үш апа» командасына жанкүйер болдым. Командалар ойынға жақсы дайындықтарын көрсетті. Қатысушылар әзілдерімен және өз командаларының креативті ұсыныстарымен ерекшеленеді”, – деп бөлісті агрофакультет студенті Мария Островская.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жеңімпаз атанды. 2 және 3-орындарға «Қызылжар» және «Жаймен» командасы ие болды.
Автор: Полина Чуряк