Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Біздің мемлекет АЭС құрылысына дайын»: Өңірлік халықтық штаб мүшелері азаматтарды жалпыұлттық дауыс беруге шақырады

«Біздің мемлекет АЭС құрылысына дайын»: Өңірлік халықтық штаб мүшелері азаматтарды жалпыұлттық дауыс беруге шақырады

Петропавлда өңірлік халықтық штаб мүшелері еңбек ұжымдарына түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. 30 қыркүйек күні олар Д.М. Карбышев атындағы № 40 орта білім беру мектебінің ұжымымен кездесті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Бізде электр энергиясының тапшылығы бар. «Жас Өркен» шағын ауданында жарық өшіріледі. Электр энергиясыз тіршілік әрекеті тоқтатылады. АЭС құрылысы ұзақ уақыт бойы жүргізілетін болады. Атом электр станциясында жұмыс істейтін жаңа мықты мамандарды даярлауға уақыт жеткілікті”, – деп атап өтті өңірлік халықтық штабтың мүшесі Ләззат Жалмұқанова.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда АЭС салу бойынша өтетін жалпыұлттық дауыс беруге санаулы күндер қалды. Осы жексенбі күні халық референдум бойынша өз таңдауын жасайды.

“Қазір әрбір адам туралы ақпарат сандық форматта бар. Цифрландыру біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда, тұрақты электр энергиясын беру қажеттілігі де біртіндеп ұлғайып келеді. 90-шы жылдарды еске алайық, ол кезде мәселенін шешім табу қиын болды. Қазір біздің мемлекет АЭС құрылысына дайын”, – деді кездесуде өңірлік халықтық штабтың мүшесі Галина Семенова.

Shares