Былғары зауыты кентінде 3 ауданның 15 арнайы бригадасы еңбек етуде
Былғары зауыты кентінің тұрғындарына Шал ақын, Жамбыл және Есіл аудандарынан келген 15 арнайы бригада көмектесуде. Мысалы, Сергеевка қаласының мамандарына бағалаудан өткен 74 үй бекітілген. 48 тұрғын үй қалпына келтірілмейді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“65-тен астам жұмыс күші бар, 7 адамнан тұратын 5 бригада жұмылдырылды. Біз 15 үйді қалыпқа келтіруге кірістік, 20 адам аумақты тазалаумен айналысуда. Қазір біз көппәтерлі үйлерде жұмыс істеудеміз, онда тазалық жүргіземіз. 8 техника жұмылдырылды”, – деді Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Саят Омаров.
Николай Закотыриннің үйіне мехбригада осыдан төрт күн бұрын келді. Су тасқыны кезінде мұнда еріген судың деңгейі бірінші қабаттың терезесіне дейін жеткен.
“Үйге бөлек электр қуаты тартылған, пеш жағылады. Баспананы кептіріп жатырмыз. Жігіттер көмектесуде. Жұмыс тобы менің үйімді қалпына келтіру бойынша өзім өтініш жаздым”, – деді Былғары зауыты кентінің тұрғыны Николай Закотырин.