Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Былғары зауыты ықшам ауданында апаттық үйлер бұзы

Былғары зауыты ықшам ауданында апаттық үйлер бұзы

Былғары зауыты ықшам ауданында қалпына келтіруге жарамсыз үйлерді бұзу жұмысы басталды. Облыс орталығының осы бөлігіндегі іске Шал ақын, Жамбыл және Есіл аудандарынан келген 15 бригада тартылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Жігіттер 20 үйге кірді, бұзу жұмысы басталды, болашақта жөндеу жұмыстарын жүргізетін боламыз. 950 тонна қоқыс шығарылды. Техника санын арттырдық. Басында 8 бірлік болса, қазір – 11. Бүгін үйді бұзуға кірістік”, – деді Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Саят Омаров.

Былғары зауыты ықшам ауданында қалпына келтіру жұмыстарына СҚО ТЖД жеке құрамының 25 адамы да жұмылдырылды.

“Біз тасымалданатын 5 мотопомпаны қолданудамыз, аққан суды сорып алатын тағы бір қуатты техникамыз бар. Тез жұмыс істейміз, адамдардың бұрынғы өмірге тезірек оралғысы келетінін түсінеміз”,- деді Петропавл қалалық 5-ӨСБ бастығының орынбасары Марат Бақтыбаев.

Shares