Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Былғары зауыты ықшам ауданында зардап шеккен үйлер жөнделуде

Былғары зауыты ықшам ауданында зардап шеккен үйлер жөнделуде

Есіл ауданының мехбригадасы Рыжов, Чайкин және Карьер көшелерінде зардап шеккен үйлердің иелеріне көмектесуде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Мұнда 8 көлік жеткізілген. 5 бригада құрамындағы 35 адам жұмыс істеп жатыр.

“Біз жұмысты 2 мамыр күні бастадық. Бөлінген аумақта 103 үй бар. Олардың 66-сы апатты деп танылды. Басқа үйлерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз”, – деді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Ержан Мұстафин.

Су тасқыны кезінде Сергей Ковалевтің үйі зардап шекті. Су терезелерге дейін жеткен. Қалпына келтіру жұмыстары қала тұрғынының қатысуымен жүргізілуде.

“Мен өзім құрылысшымын. Сондықтан бәрін жақсы білемін. Барлық жұмыстар менің басшылығыммен орындалуда. 10 күн ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бағалаушылар келді. Менің үйім тұруға жарамды. Мемлекет 1 миллион 800 мың теңге берді”, – деді Сергей Ковалев.

Shares