“Челябі – Новосібір” тас жолынан полиция қызметкерінің жансыз денесі табылды
28 сәуір күні республикалық маңызы бар “Челябі – Новосібір” а/ж-да 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетті. Алған жарақаттары салдарынан шенді сол жерде қайтыс болды. Бұл туралы СҚО ПД баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Қазіргі уақытта соққан а/м жүргізушісін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралдарын пайдалану кезінде абайсызда адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Алайда, әлеуметтік желілерде полицейдің денесі кафенің жанынан табылғаны жайлы ақпарат таралуда.