Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Домофондарды ауыстыру – алаяқтықтың жаңа түрі

Домофондарды ауыстыру – алаяқтықтың жаңа түрі

Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының мессенджерлерінде QR-код көрсетілген домофонды ауыстыру туралы хабарландырудың фотосуреті тарауда. Полицейлер тарап жатқан хабарламаға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде желі қолданушылары домофонды ауыстыру туралы басқарушы компаниялардың бірінің хабарландыруын таратуда. Таратылып жатқан хабарландыру жалған ақпарат болып табылады. Осы сияқты хабарландыруларда көрсетілген QR-кодтарды сканерлемеңіздер және күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер. Адамдардан тек ресми ақпаратқа сенуді не болмаса домофонды жөндеумен айналысатын қызмет көрсетуші компанияларға хабарласуын сұраймыз», — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Айта кету қажет, осыған ұқсас хабарландыру соңғы уақытта көрші елдердегі желі қолданушыларының арасында, атап айтқанда, ресейлік пабликтерде және ВКонтакте желісіндегі қауымдастықтарда тарап жүр.

 

Shares