Достық үйінде 50 белсендіге марапат табысталды
Республика күні қарсаңында Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының мүшелері 50 белсендіні марапаттады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Марапатталғандардың арасында негізінен көктемгі су тасқыны кезінде өзін көрсеткен солтүстікқазақстандықтар болды. Гуманитарлық көмекті қабылдауға қатысқан, сараптама қызметтерінің қызметкерлеріне көмек көрсеткен, құтқарушылармен бірге қорғаныс құрылыстарын нығайтқан, эвакуациялық пункттерге уақытша орналастырылған азаматтарға жәрдем берген адамдар. Кейбір белсенділер СҚО ТЖД атынан алғыс хатпен марапатталды.
“Осы көктемде ҚХА барлық орталықтары адамдарға көмектесу үшін бірікті. Орталықтағы жастар бізді ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Көптеген адам өздері пісірген тағамдарды дайындап, қорғаныс құрылыстарын нығайтқан жандарға әкелді, мұндай жұмыс күндіз де, түнде де жүрді.”, – деді СҚО ҚХА Аналар кеңесі басшысының орынбасары, облыстық “Дуслык” татар-башқұрт қоғамдық орталығының мүшесі Раиса Рамазанова.