Е.Серкебаев атындағы дарынды балаларға арналған өнер колледжінің педагогтары мен студенттеріне Қазақстандағы АЭС құрылысы туралы айтылды
Кезекті білім ұясындағы кездесу! Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат қабырғасында АЭС құрылысын қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың өкілі Болат Базарбаевпен кездесу өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Спикер жобаның елдің экономикалық өсімі мен энергетикалық қауіпсіздігі үшін аса маңызды екенін, сондай-ақ 6 қазанда өтетін референдум туралы кеңінен айтты. Онда азаматтар атом энергетикасын дамытуға қатысты өз пікірлерін білдіре алады.
Айтылғанның барлығы педагогтар мен колледж жастарының қызығушылығын тудырды. Болат Базарбаев сұрақтарға жауап беріп, АЭС артықшылықтарын түсіндірді. Сондай-ақ ол АЭС құрылысы қауіпсіздіктің ең жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін және радиациялық қауіпсіздікке қатысты барлық қауіптер ескеріліп, барынша азайтылатынын атап өтті.