Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Елена Семидоцких: “Президент айтқан заңдылық пен тәртіп – қауіпсіз және әділ қоғам құрудың негізі”

Елена Семидоцких: “Президент айтқан заңдылық пен тәртіп – қауіпсіз және әділ қоғам құрудың негізі”

Мемлекет басшысының Жолдауы облыстық және қалалық мәслихаттағы “AMANAT” партиясының депутаттық фракцияларының бірлескен отырысында талқыланды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жолдауды талқылауға облыстық мәслихат депутаты Ербақыт Амантай, “AMANAT” партиясы СҚОФ саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Халықова және “Болашақ” филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель қатысты.

Жолдаудың маңызды сәттерінің бірі ретінде партиялықтар кадрлық әлеуетті дамыту, заңдылық пен тәртіпті сақтау мәселелерін қарастырды.

“Президент айтқан заңдылық пен тәртіп – қауіпсіз және әділ қоғам құрудың негіз. Бұл өз кезегінде ұлттық және шетелдік инвестицияларға жол ашады. Адам құқықтары сақталатын елдер бизнес пен инвестицияларды көбірек тартады, бұл экономикалық өсуге ықпал етеді”, – деп атап өтті Петропавл қалалық мәслихатындағы фракция мүшесі Елена Семидоцких.

Сұхбат беруші Қазақстан үшін басты міндеттердің бірі кадрлық әлеуетті арттыру екенін де айтты. Депутат бұл бағыттағы негізгі аспектілер білікті жұмыс күшін құру және экономиканың қазіргі заманғы салаларында жұмыс істей алатын мамандарды даярлау болып табылады деп санайды. Бұл құрылыста, энергетикада және су шаруашылығында кадрлардың жетіспеушілігін шешуге көмектеседі.

Shares