Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халық арасында таралған ақпаратты жоққа шығарды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халық арасында таралған ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік бюджеттен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәсілдері өзгеретіндігі туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Белгісіз біреулер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ведомствоаралық комиссия еңбек өтіліне қарай базалық зейнетақы төлемінің орнына 39 мыңнан 45 мың теңгеге дейін зейнетақыға қосымша төлеуді енгізу туралы заң жобасын әзірледі деген жалған ақпарат таратып жатыр”, – делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Министрлік азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануды сұрайды.

Shares