Есіл ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
9 сәуір күні Есіл ауданының Явленка ауылында терроризмге қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штабтың ұйымдастыруымен оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды QZ News.
Аталған оқу-жаттығудың мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге дайындығын тексеру және лаңкестік әрекеттерге жедел ден қою бойынша практикалық дағдыларын пысықтау.
«Оқу-жаттығу барысында Петропавл қаласы – Явленка ауылы бағыты бойынша «АЛАН» брондалған дөңгелекті жауынгерлік техникасы жұмылдырылады, сондай-ақ Тәуелсіздік, Әбішев, Қизатов, Ибраев көшелері мен Гагарин даңғылында уақытша қозғалыс шектеулері енгізіледі. Аудан тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», – делінген Солтүстік Қазақстан облысының терроризмге қарсы күрес жедел штабы таратқан хабарламада.