Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Гауез Нұрмұхамбетов облыс тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Гауез Нұрмұхамбетов облыс тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды QZ News.

«Домбыра – халқымыздың жаны, ата-баба аманаты», – деді аймақ басшысы өз құттықтауында. Оның айтуынша, бұл мереке – ұлттық рухтың, баға жетпес мәдени мұрамыздың символы. Бұл күн – ғасырлардан жеткен күй өнерін дәріптейтін, ұлттық бірегейлігімізді айқындайтын ерекше дата.

Әкім облыс тұрғындарына шабыт, жүрек тербер әсем әуендер, отбасыларына амандық пен зор денсаулық, елімізге бірлік пен береке тіледі.

«Домбыра үні ешқашан өшпесін, ұлттық өнер ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін! Домбыра күні құтты болсын!» – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Shares