Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ғарышкер Александр Викторенко 77 жасында қайтыс болды

Ғарышкер Александр Викторенко 77 жасында қайтыс болды

«Ғарыштық мотоцикл» – ғарышкерлерге арналған көлікті ғарыш кеңістігінде сынауға қатысқан кеңестік және ресейлік ғарышкер Александр Викторенко 77 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығында хабарлады, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Кеңестік және ресейлік ғарышкер Александр Степанович Викторенконың 76 жасында қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймыз», – деді ҒДО өкілі.

Александр Викторенко 1947 жылы 29 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Ольгинка ауылында дүниеге келген. Ол 1978 жылы ғарышкерлер корпусына қабылданды. 1987-1995 жылдары ғарышқа төрт рет ұшып, онда шамамен 490 күн болды. Ашық ғарышта болған уақыты 20 сағатқа жуықтайды.

 

Shares