Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдады
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Өтініш берушілер 101 бағыт бойынша қоғамдық көлік қозғалысының аралығы, су тасқынынан зардап шеккен “Искра” саяжайшыларын қолдау шаралары, тұрғын үй бөлу мәселесіне қатысты сұрақтарын қойды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Аймақ басшысы жауапты мемлекеттік органдарға азаматтарды қабылдауда көтерілген мәселелерді шешу үшін нақты ұсыныстар енгізуді және оның орындалуын бақылауды тапсырды.