Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ғауез Нұрмұхамбетов облыс ақсақалдарын Қарттар күнімен құттықтады

Ғауез Нұрмұхамбетов облыс ақсақалдарын Қарттар күнімен құттықтады

Мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері және ардагерлер ұйымының мүшелері – облыс әкімі аға буын өкілдерін Қарттар күнімен құттықтап, олармен бірге жемісті жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Еңбекқорлық, табандылық және батылдық – өз ісінің шеберлерінің басты қасиеттері болып табылады. Аға буынның тәжірибесін бағалау керек. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов атап өткендей, еліміздің қоғамдық-әлеуметтік өмірінде ақсақалдар ерекше рөл атқарады. Олар егеменді ел болып қалыптасу кезінде алдыңғы шепте жүріп, халықтың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына немқұрайлы қарамаған.

«Облыстағы барлық ірі кәсіпорындар, қалаларымыз бен ауылдарымыз – осының барлығы сіздердің қолдарыңызбен тұрғызылды. Солтүстік Қазақстанның бүгінгі гүлденуінің берік іргетасын қалаған – сіздерсіздер. Осы үшін рахмет. Басымды иемін», – деді аймақ басшысы

Shares