Ғауез Нұрмұхамбетов солтүстікқазақстандықтарды Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желілерде өңір тұрғындарын Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды QZ News.
Ол бұл күні біз алдыңғы буынның ерлігіне, майданда шайқасқандарға, тылда еңбек еткендерге, соғыстан кейінгі бейбіт болашақ үшін өмірін қиған жандарға алғыс білдіре отырып, тағзым ететінімізді атап өтті.
«Солтүстік Қазақстан облысынан майданға 90 мыңнан астам адам аттанды. Олардың әр үшіншісі елге оралмады. Біз әрқайсысын есте сақтаймыз. Әрқайсысына ризамыз. Олардың ерлігі — жүрегімізде. Батырларды ұлықтау — жай ғана сөз емес. Бұл — біздің жауапкершілігіміз: есімдерін ұмытпау, олардың ерлік тарихын балаларға жеткізу, олар қорғаған бейбітшілікті сақтау. Бүгінгі күн — соғыс және тыл ардагерлеріне алғыс айту үшін ерекше маңызды күн. Сіздің ерлігіңіз, рухыңыздың күші және Отанға деген сүйіспеншілігіңіз — барлық ұрпаққа үлгі. Сіздердің арқаларыңызда біз бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмыз», — деп жазды өңір басшысы.