Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Гидравликалық сынақтар аяқталды: Петропавлда ыстық су беріле бастайды

Гидравликалық сынақтар аяқталды: Петропавлда ыстық су беріле бастайды

«Петропавл Жылу Желілері» ЖШС жылу желілеріне жүргізілген гидравликалық сынақтардың аяқталғанын хабарлады. Тексеру барысында 93 технологиялық ақау анықталып, зақымдалған учаскелер жөндеуге жіберілді, деп хабарлайды QZ News «Севказэнерго» АҚ-на сілтеме жасап.

21 мамырдан бастап сынақтан сәтті өткен магистральдар кезең-кезеңімен іске қосылады. Ыстық су беруді қалпына келтіру жұмыстары ПИК мен МИБ төрағаларымен бірлесе атқарылады.

«22 мамырдан бастап жылу беру туралы өзекті ақпарат «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ресми сайтындағы «Жоспарлы ажыратулар» бөлімінде қолжетімді болады. Еске саламыз, гидравликалық сынақтар ҚР заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Оның басты мақсаты – жаңа жылыту маусымы басталғанға дейін құбырлар мен жабдықтардың ақауларын дер кезінде анықтап, жүйенің сенімді жұмысын қамтамасыз ету», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Shares