Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Горький көшесіндегі көпқабатты үйдің жоғарғы қабаттарын жаңбыр су басты

Горький көшесіндегі көпқабатты үйдің жоғарғы қабаттарын жаңбыр су басты

Горький көшесіндегі 72 пәтерлі 16-шы тұрғын үй былтыр салынып, пайдалануға берілген. Бірақ адамдар орналаса сала шатырда проблема анықталып отыр. Кеше түнде жауған жаңбыр салдарынан көпқабатты үйдің жоғарғы қабаттарын су басты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Белгісіз себептермен техникалық қабаттағы нөсерлі кәріз құбырының бір бөлігі жұлынып кеткен, соның салдарынан 23 тамызда жауған жаңбыр ішке өтті. Үйдің жоғарғы қабатындағы пәтерлердің төбесінен су ақты. Қазіргі уақытта мердігер саналатын «Альфа Север» ЖШС нөсерлі кәрізді қалпына келтірді. Кепілдік міндеттемелері аясында мердігер пәтерлердегі су басуды жою жұмыстарын жүргізеді. Олар 31 тамызға дейін барлық ақауды жоюы керек», – деп атап өтті қала әкімдігі.

Шілде айында пәтер иелері мен ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасында сатып алу-сату шарты жасалған. Тұрғындар үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілгеннен кейін қоныстанады.

 

Shares