Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Халық дамуға пессимизмсіз және сеніммен қарауы керек»: СҚО Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Дина Мұхамеджанова Жолдау жайлы ой білдірді

«Халық дамуға пессимизмсіз және сеніммен қарауы керек»: СҚО Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Дина Мұхамеджанова Жолдау жайлы ой білдірді

Президент Қазақстан халқына арнаған су жаңа Жолдауында еліміздің алдында тұрған міндеттерді прагматикалық тұрғыдан шешу керектігін атап өтті. Мемлекет басшысы айтқандай, халықтың әл-ауқаты ғана емес, осынау қиын-қыстау кезеңде еліміздің тарихи тағдыры да осыған байланысты. Бұл тәсіл СҚО Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Дина Мұхамеджановаға өте жақын, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Президент әр саланы дамытудың маңыздылығына тоқталып, халықтың көзқарасы дұрыс болуы маңызды екенін де айтты. Адамдар өз дәстүрлерін сақтап, дамуға пессимизмсіз және сеніммен қарауы керек. Бұл Қазақстанның серпінді дамуына мүмкіндік береді. «Орта бизнесті дамыту қажет» деген сөздер есімде қалды. Сонымен қатар, Президент 6 қазанда өтетін референдум туралы да айтты, онда халық атом электр стансасының құрылысына қатысты өз таңдауларын жасайтын болады», – деді СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Дина Мұхамеджанова.

Shares