Халықаралық байқау аясында үздік білім менеджері таңдалады
Оқушылар сарайында “Үздік білім менеджері” халықаралық байқауының облыстық кезеңі өтті. Білім беру ұйымдары 17 басшыны ұсынды. Олардың үшеуі – Ресей Федерациясының Омбы облысының өкілдері, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Іс-шара білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ білім берудегі тиімді, озық және инновациялық менеджментке жәрдемдесу мақсатында өткізіледі. Көшбасшыларды анықтауға бағытталған байқау екі кезеңнен тұрды – өз тәжірибесі туралы әңгіме жүргізу және білім беру саласында тиімді болатын инновациялық идеяларды ұсыну.