Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Кез келген адам интернет-алаяқтықтың құрбаны бола алады

Кез келген адам интернет-алаяқтықтың құрбаны бола алады

Интернеттегі алаяқтар күн сайын адамдарды алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табады. Мұндай жағдайлардың санын азайту үшін полицейлер телефон алаяқтарының айла-тәсілдері туралы айтуда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қалалық ПБ қызметкерлері контактісіз алаяқтық фактілерінің алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. Бір күн бұрын №5 ПП учаскелік полиция инспекторлары Жұмысшы кентіндегі Островский көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйлердің тұрғындарымен жиын өткізді. Солтүстікқазақстандықтарға интернет-алаяқтардың жиі кездесетін сценарийлері мен тетіктері туралы айтылды. Петропавл тұрғындары да телефон арқылы белгісіз адамдармен сөйлескен оқиғаларымен бөлісті. Белгілі болғандай, белгісіз абоненттер жиналғандардың барлығына дерлік телефон соққан.

«Ең оңай және тиімді әдіс – сөйлесуді аяқтау. Жыл басынан бері облыста интернет-алаяқтық бойынша 400 факті тіркелген. Көбінесе алаяқтардан зардап шегетіндер – облыс орталығының тұрғындары. 312 дерек тіркелген. Талдау көрсеткендей, зардап шеккендер – 40 пен 60 жас аралығындағы адамдар. Полицейлер тіркеген фактілердің ішінде ең көп таралғаны – «банктен қоңырау шалу» және онлайн сатып алу кезінде алдын ала төлем жасау», – деп атап өтті департамент өкілдері.

Полиция қызметкерлері телефон қоңыраулары мен желіде хат алмасу арқылы байланыс кезінде жеке деректеріңізді ешкімге беруге, сондай-ақ құрылғыңызға күмәнді қосымшыларды жүктеп алуға болмайтынын еске салады. Қаржылық операцияларға қатысты шешім қабылдауға асықпай, диалогты аяқтап, дереу банкіңіздің байланыс орталығына және «102» нөміріне хабарласу қажет.

 

Shares